Жуалы ауданы "Қызыларық" бөбекжай-балабақшасы. "Балауса" ортаңғы тобы. Балабақшадағы ойындар. Сюжеттік-рөлдік ойын. Балалар ойынының алғашқы формаларының бірі — сюжеттік-рөлдік ойындар. Сюжетті-рөлдік ойындарды өз мәнінде ойнату үшін алдын-ала дайындық жұмысына көңіл бөліп, балалардың ой-өрісін, танымын кеңейтіп, олардың іс-тәжірибелерін толықтыра білген жөн. Сюжетті-рөлдік ойындарының ерекшелігі сол, оны балалар өздері меңгеріп, дамыта алады.






